Лор Ахметов О.К.

0 голосов
спросил 07 Окт, 20 от аноним
Мен осыдан 2 апта бұрын құлағым солқылдап ауырып, құлағымнан түсініксіз бірдеңелер аққан соң лор врач Ахметов О.К. келдім (Жазылған күнімнен 2,3 күн ерте бардым, себебі құлағым шыдатпады). Ол дәрігер мен кірер кірместен неге жазылған күніңізде келмейсіз деп сөйледі. Одан соң менің құлағыма жай ғана көзін шалып, дұрыстап қараған жоқ. Турунда қоясыз 3 күн деп  дәрі жазып берді. Егер басылмаса не істеймін деп едім жазыласыз, енді маған келмейсіз деді. Турунданы дәрігер айтқандай 2 мезгіл қойдым, еш көмегі тиген жок, ол аздай екінші құлағым қосылды. Басылмаған соң Адонис деген частный клиникаға бардым ол жерде құлағымды промывать етіп айнамен жақсылап қарап, антибиотик 10 күн, физио, т.б. дәрілер жазып берді. Және ауруым асқынып кеткен суық тиген дейді. Менің айтайын дегенім дәрігер Ахметов О.К. өз жұмысын білмейді. Дұрыс тағайындама бере алмайды.Науқасты емдей алмайды, өзіне тым сенімді. Онымен қоса адамды менсінбей әзер демалып әзер сөйлеп отыр.

1 Ответ

0 голосов
ответил 08 Окт, 20 от admin (42,310 баллов)
Сәлеметсіз бе! Сіз анонимді түрде өтініш бергендіктен, істің мән- жайын анықтау үшін паспорттың мәліметтерін көрсетуіңіз керек.

Сіз, қажет болған жағдайда, Емхананың пациенттерді қолдау қызметіне және ішкі бақылау қызметіне 111-кабинет немесе мына телефон бойынша 55- 92-92 хабарласып қосымша түсініктемелерді ала аласыз.

Қарағанды қ. №5 емхана директорының блогына қош келдіңіз, онда сіз сұрақтар қойып, жауаптар ала аласыз.

Добро пожаловать на Блог Директора поликлиники №5 г. Караганды, где вы можете задавать вопросы и получать ответы.

Анықтама қызметі / Cправочная служба:
+7 (7212) 55 91 91

...