Компьютеризация не және кім үшін жасалынған

0 голосов
спросил 25 Июль, 18 от Гүлбаршын
Сәлеметсіз бе??? Менің білгім келетіні амбулатор.карточканы құртып барлық деректер комп.енгізу кім және не үшін жасалынған шара?? Педиатр нефрологқа направление береді бірақ базаға енгізілген мәліметті қарамайды. Нефрологтың айтуынша мен өзім келіп ашқызуым керек екен. Мен 2 баламен декретте отырмын терапевт мен босанғалы бір келген емес барып тұрғанда қалымды сұраған емес. Мен де қызмет істедім түсіуге тырысамын деп осы кезде сіздің қарамағыңыздағы дәрігерлердің ақыр соңында өзімді қараңғы, надан еткені ашуыма тиді. Мен талап етсем өзімнің құқығымды білгендіктен сұраймын. Олқылықтарды реттеу  сіздің құзырыңызда . Шара қолданбасаңыз жоғарыға арыз жіберуге мәжбір боламын.

1 Ответ

0 голосов
ответил 26 Июль, 18 от admin (42,270 баллов)
Құрметті Гүлбаршын!

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 27.11.2017 жылғы №880 бұйрығына сәйкес, ұйымдарда медициналық құжаттарды қағазсыз өткізуге көшу туралы, 2018 жылдың қаңтар айынан бастап Қарағанды облысында  емханаларда пациенттердің амбулаториялық картасы жойылды, мамандардың есептері кешенді медициналық ақпараттық жүйенің денсаулық жүйесіне енгізілді.

Педиатрдың нефрологқа жібергені туралы мамандардың алдыңғы жазбаларын пациенттің медициналық паспортында біріктірілген медициналық ақпараттық жүйе бағдарламасында көруге болады.

Сіздің (аты жөніңіз, туған жылыныз, мекен жайыныз) деректеріңіз болмаған кезде, емхана  ресми тергеу жүргізуге мүмкіндік таппайды.

Қосымша түсініктемелер қажет болса, 111-бөлмеде науқасты қолдау бөліміне хабарласа аласыз немесе 55-92-92 нөміріне хабарласыңыз.

Қарағанды қ. №5 емхана директорының блогына қош келдіңіз, онда сіз сұрақтар қойып, жауаптар ала аласыз.

Добро пожаловать на Блог Директора поликлиники №5 г. Караганды, где вы можете задавать вопросы и получать ответы.

Анықтама қызметі / Cправочная служба:
+7 (7212) 55 91 91

...